Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Есютин Владимир Сергеевич"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

20:39, 2026 ж. шілденің 12 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Ғалым Владимир Сергеевич Есютин (15 шілде 1919, Верный, РКФСР — 20 шілде 1992, Алматы, Қазақстан) — ғалым, техникалық ғылымдар кандидаты.

Қазақ тау-кен институтын (қазіргі ҚазҰТУ) бітірген (1948). Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1948 — 50 жылы Новосибирск қалайы комбинатында рафинаттау цехының технологы, 1952 — 92 жылы Қазақстан ғылым академиясының Металлургия және кен байыту институтында кіші, аға ғылыми қызметкер, топ жетекшісі, лаборатория меңгерушісі, жетекші ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді. Ғылыми жұмыстарының негізгі бағыты металдарды вакуумда үздіксіз рафинаттау процестерінің теориялық заңдылықтарын, т.б. зерттеуге арналған. Есютиннің қалайы, қорғасын және кадмийді рафинаттаудағы жаңалықтары Қазақстан және Ресей кәсіпорындарында (Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты және Новосибирск қалайы комбинаты) қолданыс тапты. Қазақстан Мемлекеттік сыйлығы лауреаты (1985), КСРО-ның еңбек сіңірген өнертапқышы (1976). Ұлы Отан соғысы және Қызыл жұлдыз ордендерімен, медальдермен марапатталған.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, III том</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub