Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Үлкен Шошқалы"
ш (clean up, replaced: Солтүстік Қазақстан облысы → Солтүстік Қазақстан облысы using AWB) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
22:54, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
ҮЛКЕН ШОШҚАЛЫ — Ақмола облысының Еңбекшілдер ауданындағы ағынсыз көл. Макинка аулынан 20 км оңтүстік-шығыста жатыр. Көл теңіз деңгейінен 311,9 м биіктікте. Ауданы 22,1 км², ұзындығы 6,9 км, енді жері 4,1 км, су жиналатын алабы (ауданы 352 км²) төбелі-жонды жазық, батыс және оңтүстік-батысында ұсақ шоқылы. Жағасы солтүстік және солтүстік-батысында жайпақ, құрақты, қалған бөлігінде жарлы, биікт. 4,5 — 8 м. Айдынының басым бөлігі таза, жағалауында (0,2 — 0,5 км) құрақ өседі. Солтүстік-батысынан Баймырза жылғасы және оңтүстігінен көктемде екі сай арқылы су құйылады. Суының минералд. көктемде 0,8 — 1,0 г/л, жазда 1,5 — 2,0 г/л, қыста 3 — 5 г/л-ге дейін өседі. Суы мал суаруға пайдаланылады. Көлде шабақ бар.
ҮЛКЕН ШОШҚАЛЫ — Есіл алабындағы көл. Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық жерінде. Көл теңіз деңгейінен 162,8 м биікте жатыр. Аумағы 7,41 км², ұзындығы 3,4 км, енді жері 2,8 км, жағалауының ұзындығы 13,6 км. Түбі тегіс, саз батпақты шөгінділер басым. Суы ащы. Жаз бен күз айларында мұнда алуан түрлі құстар жиналады.
Сілтемелер
"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том