Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Жезқазғанмен кездесу (фотоальбом)"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (clean up, replaced: Жақып.- Алматы "Қазақ энциклопедиясы", 2011 ж → Жақып. — Алматы «Қазақ энциклопедиясы», 2011 жыл using AWB)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

20:39, 2026 ж. шілденің 12 кезіндегі нұсқасы

Жезқазғанмен кездесу - 1968 жылы Алматы қаласындағы «Қазақстан» баспасынан орыс тілінде жарық көрген фотоальбом, көлемі 7 баспа табақ. Жалпы редакциясын басқарған В.В.Гурба, К.Салтықов, И.Ли. Фотоальбомда Қаныш Сәтбаев жайында: тұңғыш геологиялық-минералолгия ғылымдарының докторы, осы өлкенің өсіп өркендеуі мен дамуына зор үлес қосқан ғалым ретінде сипаттама, сонымен бірге Сәтбаевтың суреті және қала өмірін жан-жақты бейнелейтін 68 фотосурет берілген. Сонымен қатар Жезқазған қаласының тарихы, өсіп-өркендеуі, онда жүргізілген геологиялық барлау жұмыстары мен осы аймақтағы кеніштерді игеру кезеңдері, Ұлы Отан соғысындағы жеңіске қосқан үлесі, Қаныш Сәтбаев атындағы Ленин орденді тау-кен металлургия комбинаты, қаланың ірі өнеркәсіп пен мәдениет орталығына айналуы, Социалистік Еңбек Ерлері М.Бөпежанов, В.И.Штифанов, В.В.Гурба, Ф.Г.Лукинекий, А.Құсайынов, тағы басқалары еңбек ардагерлері туралы баяндалады.<ref>Қаныш Сатпаев. Энциклопедия / Бас редактор Б.Ө.Жақып. — Алматы «Қазақ энциклопедиясы», 2011 жыл. ISBN 9965-893-74-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub