Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Түлкілі бекінісі"
ш (1 түзету) |
ш (1 түзету) |
| (Оң жақ жоғарыда көрсетілген қатысушының (бір ғана қатысушының) арадағы 2 түзетуі көрсетілмеген) | |
(айырмашылығы жоқ)
| |
00:12, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы
Түлкілі бекінісі – Маңғыстау облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші.
Орналасқан жері
Түпқараған ауданы, Қызылөзен ауылынан 34 км оңтүстік-шығыс бағытта орналасқан.
Бекініс сипаты
Ескерткіш 2006 жылы "Маңғыстау тарихи-мәдени қорығы" мемлекеттік мекемесімен анықталған.
Бекініс қабырғасының ұзындығы 180 м, мүйістің жарлы тепсеңді тұсын орта тұстан бөліп тұр. Тепсеңді жерден 10 м төмендейді. Қабырға табиғи тастармен 2 қатар қаланып, орта кеңістігі тас пен топырақ араластырыла толтырылған. Қабырғаның сақталған биіктігі 1 м. Кей жерлерінде іргетасына дейін бұзылып алынған. Ені 1,5-1,7 м. Орта тұсындағы қабырға ені 2 м кірер есігі бар, алаң жағынан жартылай шеңбер мұнарамен диаметрі 3,7-4 м шек қойылған.
Ескерткіш кейінгі орта ғасырға мерзімделуі мүмкін.<ref>М19 Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени ескерткіштерінің жинағы. Маңғыстау облысы. - Өскемен: AsT prime, 2012. - 600 бет. ISBN 978-601-06-2031-5</ref>