Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Қарлыбас бекінісі"
ш (1 түзету) |
ш (1 түзету) |
| (Оң жақ жоғарыда көрсетілген қатысушының (бір ғана қатысушының) арадағы 2 түзетуі көрсетілмеген) | |
(айырмашылығы жоқ)
| |
00:12, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы
Қарлыбас бекінісі – Маңғыстау облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші.
Орналасқан жері
Түпқараған ауданы, Сайын Шапағатов ауылынан 40 км солтүстік бағытта орналасқан.
Бекініс сипаты
Бекіністі 1986 жылы Маңғыстау "Маңғыстау тарихи-мәдени қорығы" мемлекеттік мекемесі зерттеген.
Қамал қабырғасы құздың мүйістелген құлама қабырғаларымен және құрғақ арнаның далалық аймағындағы көтерілген жерде орналасқан. Қабырғаның ұзындығы 45 м құрайды. Көшпелілердің баспаналық-қамал құрылыс сипатында болған. Табиғи өңделмеген тастардан балшықсыз 2 қатар етіп және тас-топырақпен бос қуыстары толтыра қаланған. Қабырғаның қалыңдығы 1,7 м жетеді. Сақталған жерлердің биіктігі 2,8 м. Қабырға алаңдық жағынан биіктігі 3 м болатын және қабырға сызығынан сыртқа қарай 4 м шығыңқы келген бітеу мұнаралы. Қабырғаның оңтүстік жағында, жыраны бойлай өтетін тұсында қабырғаның ішкі бөлігінен қабырғадан шығыңқы келген 5 сатылы баспалдақ бар. Солтүстік жағынан шығыңқы келген жерді ұзындығы 70 м болатын тас қаланды бөгеп тұр. Ұзындығы 40 м болатын қамалдан оңтүстік-шығысқа қарай 110 м жерде, кейінгі ортағасырлармен мерзімделетін ескі құрылыс іргетасы бар.<ref>М19 Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени ескерткіштерінің жинағы. Маңғыстау облысы. - Өскемен: AsT prime, 2012. - 600 бет. ISBN 978-601-06-2031-5</ref>