Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Түбежік бекінісі"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (1 түзету)
ш (1 түзету)
 
(Оң жақ жоғарыда көрсетілген қатысушының (бір ғана қатысушының) арадағы 2 түзетуі көрсетілмеген)
(айырмашылығы жоқ)

00:12, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы

Түбежік бекінісі (ортағасыр) – Маңғыстау облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші.

Орналасқан жері

Форт-Шевченко қаласынан оңтүстік-шығыс, шығыс бағыттарда 34 км жерде орналасқан.

Сипаты

Ескерткіш 1982 жылы Еділ-Орал археологиялық экспедициясымен анықталған, кейінірек 2003 жылы "Маңғыстау тарихи-мәдени қорығы" мемлекеттік мекемесі зерттелген.
Ескерткіш кешенді бекініс, қоныс және қорымнан тұрады. Бекініс биік мүйістің үстінде орналасқан және қазіргі уақытта тастардың үйіндісінен тұрады, қалама элементері байқалады. Бекіністің құрлысындағы тастар бұзылып алынған. Мұндағы басты көлденең қабырға (ұзындығы 65 м) 6 және 2 кірер есігі бар. Алаң жағынан 10-12 м жерде тұрған жартылай шеңбер пішінді 2 мұнарасы бар. Мұнараның қабырға қаламасының орта диаметрі 5-6 м, қалыңдығы 2 м. Қалама екі қатарлы үлкен тастармен толтырылғанымен, қосалқы қабырғаның айналасына орнатылған. Ені 1-1,2 м. Шығыс және батыс жағында жазыққа шығатын соқпақ жол бар.
Бекіністің алдындағы алаңда жер бетінде шарықта жасалған және жапсырмалы қыш ыдыс сынықтары көптеп кездеседі. Қыш ыдыстар XII-XIII ғасырларға жатады.
Кішігірім қорым мүйістің батыс жағына таяу орналасқан. Ескерткіш 1986 жылы Қанға Баба бекінісі ретінде құжатталған.<ref>М19 Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени ескерткіштерінің жинағы. Маңғыстау облысы. - Өскемен: AsT prime, 2012. - 600 бет. ISBN 978-601-06-2031-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер