Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Құсшы ата қорымы"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

19:47, 2026 ж. шілденің 12 кезіндегі нұсқасы

Құсшы ата қорымы – бейіт орны, Маңғыстау облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген ескерткіш.

Тарихы

Құсшы ата аңыз бойынша құстардың қорғаушысы болған көрінеді. Бұл кешенде түрікмендер мен қазақтардың 17 — 20 ғасырлар аралығындағы 500-ге жуық ескерткіштері шоғырланған. 1982 жылы Ескерткіштерді қорғау қоғамының экспедициясын (жетекшісі С.Әжіғалиев) зерттеген.

Орналасуы

Үстірттің орталығы бөлігінде орналасқан. 17-18 ғасырларға жататын ескерткіштер зираттың оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан.

Қорым құрылымы

Ескерткіштер ішінде тас қоршаулар, түрлі “қойтастар”, сағана тамдар бар. Осы тарихи мұралардың арасында түрікмендердің салор, қожа, иомутбаға тәрізді тайпаларының, қазақтардың табын (шөмішті) және адай руларының таңбалары ұшырасады.<ref>“Қазақ ұлттық Энциклопедиясы”</ref><ref>«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9</ref> Шөмішті-табын таңбасының 20 нұсқасы бар. Сондай-ақ тарақты-табын, шекті, тама, жаппас сияқты рулардың да таңбасы салынған ескерткіштер кездеседі. Мұның өзі Үстіртті қазақ тайпалары мен рулары орта ғасырлардан бастап қоныс еткендігін дәлелдейді. Бұл кешен тас қашау өнерінің қалыптасуын, дамуын ғана емес, оны жасаушы қазақ халқының рухани дүниетанымын да көрсетеді.<ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер