Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Ысты (бекініс)"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
(Орналасқан жері)
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

19:47, 2026 ж. шілденің 12 кезіндегі нұсқасы

Ысты – ортағасырлық бекініс, Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші.

Орналасқан жері

Тұрар Рысқұлов ауданы, Сөгеті ауданының аумағында орналасқан.

Сипаты

Алғаш рет 1936 жылы КСРО ҒА Қазақстан филиалы мен материалдық мәдениет тарихы институты жасақтаған Жетісу археологиялық экспедициясы (жетекшісі А.Н. Бернштам) тауып, зерттеген. 1977 жылы Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайының археологиялық экспедициясы (жетекшісі А.П. Попов) қайта зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Жобасы шаршылы келген, жан-жағы 70 м, екі бөліктен (қабаттан) тұратын, биіктігі 1 м төбе. Үстінен жинастырылған материалдар: шарықта жасалған, ақ ангобпен көмкерілген қыш ыдыстар сынықтары. Сондай-ақ, көлемі 40×40×7 см күйдірілген кірпіш табылған. Алынған материалдарға қарағанда Ысты бекінісін тұрғындары VIII-XII ғасырларда мекендеген.<ref>Тараз Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер