Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Кемер (қоныс)"
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
| |
19:47, 2026 ж. шілденің 12 кезіндегі нұсқасы
Кемер – палеолит дәуірінің тұрақтары.
Орналасқан жері
Жамбыл облысы Қаратау қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 25 км жерде, осы аттас шатқалда орналасқан. Шатқалдан аралары 600-700 м шамасында палеолит дәуірінің тұрақтары Кемер 1, -2, -3, шоғырланған.
Сипаты
Тұрақтарды 1961 жылы Қазақстан ғылым академиясының Тарих, археология және этнография институтының Қаратау экспедициясы (жетекшісі Х.А. Алпысбаев) ашқан.
Құрал жасайтын шикізат ретінде жергілікті қоңыр түсті кремнийдің галькалары пайдаланылған. Кемер-1-ден 218, Кемер-2-ден 95, Кемер-3-тен 79 тас бұйымдары жинастырылған. Типологиялық жағынан құралдарды былайша бөлуге болады: екі шеті өңделген дөрекі шапқы құралдар; қол шапқылар (бифас); унифас; қырғыш; тас жаңқадан дайындалған құралдар; өзек тас; тас жаңқа; дөңгелек құралдар. Кемер-1 мен Кемер-3 бұйымдар кешені жылнамалық жағынан бір-біріне ұқсас. Кемер кешендері төменгі палеолиттің шелль-ашель кезеңіне жатады.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том</ref>
Әдебиет
- Алпысбаев Х.А., Памятники нижнего палеолита Южного Казахстана, А.-А., 1979.