Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Қарасиыр жазығы"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (1 түзету)
ш (1 түзету)
 
(Оң жақ жоғарыда көрсетілген қатысушының (бір ғана қатысушының) арадағы 3 түзетуі көрсетілмеген)
(айырмашылығы жоқ)

00:12, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы

Қарасиыр жазығыҚостанай облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген ХVIII ғасырда батырлар жерленген орын.

Орналасқан жері

Қостанай облысы Қамысты ауданының оңтүстігіндегі Құндызды-Талдыкөл мен Орқаш-Қарасу ауылы аралығында орналасып, Ақтөбе облысы шекарасына дейін созылып жатыр.

Тарихи деректер

Жазық Отан тарихында "Ақтабан-шұбырынды" атты ұлы зұлмат жылдардағы оқиғалармен тығыз байланысты. Ел аузындағы тарихи әңгімелердің желісі бойынша, 1723 жылы жоңғарлардың шапқыншылығынан қашқан қазақтардың бір бөлігі Оңтүстік Орал аумағы мен қазіргі Торғай жерінің оңтүстік және солтүстік аймақтарына қоныстанады. Осы жерге жиналған көптеген қазақтар жаудың басқыншылық әрекеттеріне қарсы тойтарыс беруге шешім шығарады.
Ошақты тайпасының өкілдері Сауырық батыр мен жағалбайлы тайпасынан Тайлақ батыр халықты бірігуге, қолдарына қару алып жауда қалған ата-бабамыздың жерлерін азат ету үшін күреске шығуға шақырады. Екі жаужүрек батыр қол бастап, 50‑60 шақырымда жатқан жер – Қарасиыр жазығында жауға алғаш рет күйрете соққы береді. Бұл жоңғарларға қарсы соғыста жеткен жеңістердің алғашқысы еді.
Сауырық және Тайлақ батырлар сонымен қатар Бұланты және Аңырақай шайқасындағы тарихи оқиғаларға қатысады.
Қарасиыр жазығында ерлікпен қаза тапқан батырлар мен сұлтандар жерленген жер – Қаратөбе пантеоны болған деген аңыз бар. Сонау 1960-1970 жылдары Қаратөбе пантеоны басында көк тастан жасалған 50-ге жуық құлпытас бар еді. Бүгінде олардың бірі де сақталмаған.<ref>Қазақстанның киелі орындарының географиясы: Табиғат, археология, этнография және діни сәулет өнері нысандарының тізілімі / Жалпы редакциясын басқарған ҚР ҰҒА академигі Байтанаев Б.Ә. – Алматы: Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты, 2017. – 1-шығарылым. – 904 б. ISBN 978-601-7312-78-7 </ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер