Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Жолбасшы қорымы"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
(Жаңа бетте: '''Жолбасшы қорымы''' (ерте темір дәуірі, орта ғасыр) – [[Ақмола облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері)
 
ш (1 түзету)
 
(Оң жақ жоғарыда көрсетілген қатысушының (бір ғана қатысушының) арадағы 4 түзетуі көрсетілмеген)
(айырмашылығы жоқ)

00:12, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы

Жолбасшы қорымы (ерте темір дәуірі, орта ғасыр) – Ақмола облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші.

Орналасқан жері

Ерейментау ауданы, Жолбасшы ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 2,4 км жерде орналасқан.

Сипаты

2009 жылы В.Ф. Зайберт жетекшілік еткен Көкшетау археологиялық экспедициясының барлау тобы ашып, зерттеген.
Қорым аласа жотаның үстінде орналасқан және 1 оба мен 5 топырақ қабірден тұрады. Жерлеу құрылымының диаметрі 6 м, биіктігі 0,3 м. Үйме топырақтан және орта өлшемдегі тастармен қаланған. Обаның маңайында солтүстік-батыс-оңтүстік-шығыс тізбегі бойынша бағытталған 5 топырақ қабірлер орналасқан. Топырақ қабірлер 2х0,7 м өлшемдегі тікбұрышты пішінде келген, орталық бөлігінде 0,3 м тереңдігі бар шұңқырлар анықталған. Жерлеулер орташа өлшемдегі тастармен жабылған.
Ескерткіш солтүстік-шығыс Сарыарқа өңірін ерте темір дәуірі мен ортағасырларда мекендеген тұрғындардың мәдениетіне ұқсас келеді.<ref>Қазақстан Республикасының Тарих және мәдениет ескерткіштерінің жинағы. Ақмола облысы. 1-шығарылым. Ерейментау ауданы. – Свод памятников истории и культуры Республики Казахстан. Акмолинская область. Вып. 1. Ерейментауский район. – Астана, 2018. – 256 с. – Қазақша, орысша. ISBN 978-601-7812-42-3</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер