Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Шимайлы шатқалы петроглифтері"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (Awua Kop (т) өңдемелерінен Салиха соңғы нұсқасына қайтарды)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

19:47, 2026 ж. шілденің 12 кезіндегі нұсқасы

Сурет:Шимайлы шатқылы. Петроглифтер орналасқан жер.jpg
Шимайлы шатқылы. Петроглифтер орналасқан жер.

Шимайлы шатқалы петроглифтеріАбай облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген б.з.д. III-II мыңжылдық – б.з. І мыңжылдық арасындағы археология ескерткіші.

Орналасқан жері

Ақсуат ауданы, Молдажар қыстауынан шығысқа қарай 100 м жерде орналасқан.

Петроглифтер композициясы

Ә. Х. Марғұлан атындағы археология институты мамандарының жүргізген зерттеулері нәтижесінде Тарбағатай тауларында бірнеше тасқа салынған суреттері бар орындар табылған. Әртүрлі уақытқа жататын Шимайлы шатқалының петроглифтері – солардың бір тобы.
Петроглифтер салынған шоқылар гранит тастан жасалған қоршау түрінде қойылған қола дәуірінің қорымының айналасында бір-біріне жақын орналасқан. Бұл жағдай осы маңдағы барлық археологиялық ескерткіштерді кешенді түрде зерттеуге үлкен мүмкіндік береді.
Ондағы қола дәуіріне жататын петроглифтері өзінің көп фигуралық композициясымен сипатталатын әртүрлі сюжеті өзара байланысқан сызықтардан тұруы мүмкін. Олардың тақырыптары өсіп-өну, аңшылық, діни және басқа әрекеттермен байланысты.

Адам бейнелері

Сурет:Шимайлы шатқылы петроглифтері.jpg
Атқазыққа байланған жылқылар.

Шимайлы петроглифтерінде адам бейнесі ерекше орын алады, көбінесе аңшылық кәсіп пен діни-мифологиялық ұғымдар, соғыс көріністеріне байланысты. Жылқылар мен бұқалардың сызылған денелері қайсы бір жағдайларда антропоморфты бейнелерге қатысты болып келеді. Олар ойға алған ниетке байланысты көрсетілген, мысалы, жануарлардың қарама-қарсы тұрған немесе ірі бейнелердің айналасында орналасқан көріністері мифологиялық санада әлемдік ағаш баламасы деп саналады.

Арбалар мен соғыс көріністері

Сурет:Шимайлы шатқылы петроглифтері. Арба.jpg
Шимайлы шатқылы петроглифтері. Арба.

Арбалардың суреті көп бейнеленген. Олар көбінесе жұп атты және соғыс, аң аулау, құлшылық ету секілді түрлі жайттарды көрсетеді. Бір үлгісінде оқ ағаштың екі жақтарына тартылған делбені қашап салып, арбаның ұсақ бөлшектері анық көрсетіледі, ал арбакеші жабайы аңдар арасында аң аулау барысында бейнеленген. Сирек кездесетін бейнелер қатарына осында анықталған аю мен қонжықтардың суреттері жатады.
Түйе мінген жауынгерлер қатысқан бірнеше соғыс көріністері де сирек кездесетін суреттер болып есептеледі. Жануарлар, құстар мен адамдарды бейнелейтін басқа күнге байланысты таңбалар, шеңберлер, тұяқ тәрізді бейнелер, әртүрлі кездегі таңбалар және т.б. бейнелер де кездеседі.

Петроглифтердің тарихи-мәдени сабақтастығы

Тарбағатайдың петроглифті кешендері тарихи дереккөздер ретінде өте маңызды, ежелгі өнер ошақтарын зерттеуіне, аймақтың ежелгі және орта ғасырда өмір сүрген адамдардың дүниетанымы мен діни санасын түсінуге, олардың кеңістіктегі қатынастарын, іс-қимыл бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді.
Еуразияның байтақ даласын мекендеген қола дәуірі тұрғындарының дүниетанымы мен хронологиялық белгілерін анықтауда жануарлардың бейнелері мен символикалық таңбалары басты нақыштар болып табылады. Қола дәуірінің жартастардағы өнер туындылары, рухани іс-әрекеттің басқа да салалар сияқты, қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық үдерістер мен этномәдени құбылыстарды сипаттайды.

Шимайлы төбесі көне замандардан бастап қасиетті орын саналған. Ерте темір дәуіріне жататын бұғының синкретті кейпі мен құрбандық шалу ғұрпын өткізу бейнесі осыған дәлел бола алады. Шимайлы петроглифтерінде қола ғасырынан бастап көне түркі дәуіріне дейінгі тарихи-мәдени сабақтастық жалғасқандығы байқалады. Әртүрлі әрекеттерді сипаттайтын суреттер, солардың қатарында аң аулау сәттері, қос дөңгелекті арбалар, осы өңірде мекендейтін сирек кездесетін аңдар мен құстар бейнелері Шимайлы петроглифтерінің құнды бөлігі болып табылады. Сонымен бірге ерте темір ғасырымен (ғұн-сармат кезеңі) мерзімделетін салт-аттылар тізбегі де сирек кездесетін бейнелер қатарына жатады.<ref>Қазақстанның киелі орындарының географиясы: Табиғат, археология, этнография және діни сәулет өнері нысандарының тізілімі / Жалпы редакциясын басқарған ҚР ҰҒА академигі Байтанаев Б.Ә. – Алматы: Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты, 2017 – 1-шығарылым. – 904 б. ISBN 978-601-7312-78-7</ref>

Әдебиеттер

  • Байтенов Э.М. Новые материалы по древнему наследию Тарбагатая. – Алматы: Изд. дом «Строительство и архитектура», 2016. – С. 9–10.
  • Самашев З., Мургабаев С., Оралбай Е., Кариев Е. Новые петроглифы Каратау и Тарбагатая // Тр. ФИА. – 2013. – Т. І. – С. 79–94.
  • Самашев З., Байтлеу Д., Оралбай Е., Толегенов Е., Кариев Е., Олжаев Д. Наскальные рисунки Тарбагатая // Алтай – Түркі әлемінің алтын бесігі. – Өскемен, 2013. – С. 258–262.
  • Самашев З., Оралбай Е., Жұматаев Р. Шығыс Қазақстанның жартас суреттері. Жаңа зерттеулер. Наскальные изображения Восточного Казахстана. Новые исследования. Rock carvings of the East Kazakhstan. New discoveries. – Астана: Ә.Х. Марғұлан ат. Археология институты, 2016 (орысша, қазақша, ағылшынша).

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер