Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Таңбалы тас жартас суреттері"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
(Тарихи дерек, құндылығы)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

19:47, 2026 ж. шілденің 12 кезіндегі нұсқасы

Сурет:Таңбалы тас жартас суреттері. Будда құдайлары.jpg
Таңбалы тас жартас суреттері. Будда құдайлары.

Таңбалы тас жартас суреттеріРеспубликалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген жартас өнерінің ескерткіші.

Орналасқан жері

Қонаев қаласынан солтүстікке қарай 25 км жерде, Іле өзенінің бойында орналасқан. Әулиелердің бейнесі өзеннің оң жағалауындағы тік тұрған жартастар бетіне қашалып салынған.

Тарихи дерек, құндылығы

Іле өзені бойындағы храмның құрылысы 1677 жылдың басында үшінші Жоңғар хандығының қонтайшысы Қалдан Бошоқтының қатысуымен жүргізіліп, 5 жылға жалғасады. Таңбалы тас тибет буддизмінің сол тарихи кезеңдегі Қазақстан территориясы мен көрші елдердегі басқа да ескерткіштерінің арасынан өзінің монументалдығы, көркемдік көрнектілігі және эпиграфикалық мәтінінің түрлілігімен ерекшеленуі ғибадатхананың пайда болуы мен қызмет етуі уақытындағы ерекше маңыздылығын көрсетеді. Ескерткіштің Орталық Азияның батыс бөлігінде баламасы жоқ.
Ескерткіш ойрат халықтарының тарихы мен мәдениеті бойынша дерек ретінде құнды және кейінгі будда ілімі – тарантизммен байланысты киелі ескерткіш. Бейнелер барлық ережелерді сақтап мәнерлі орындалған. Буддистердің киелі қасиеттерін ұстанған бейнелер жоғарғы шеберлігімен және айрықша белгілерінің дұрыстығымен ерекшеленеді. Ескерткіш буддизм тарихы мен XVII ғасырдағы өнер шеберлігі бойынша құнды ақпараттар береді.

Зерттелуі

XIX ғасыр ортасынан бастап фигуралар мен дұға мәтіндерін көптеген зерттеушілер зерттеді: Ш.Ш. Уәлиханов (1856 ж.), К.А. Ларионов (1877 ж.), Ф.В. Поярков (1898 ж.), Н.Н. Пантусов және А.М. Позднеев (1896–1898 жж.).
ХХ ғасырда олардың зерттеулерін Ә.Х. Марғұлан, И.В. Ерофеева, Ф.П. Григорьев, А.Е. Рогожинский, Б.А. Железняков және басқалар жалғастырады.
2008-2010 жылдары Таңбалы таста XVII–XVIII ғасырлар монументалды өнер мен тарих ескерткіші ретінде мамандар тобы (И.В. Ерофеева, А.Е. Рогожинский, Б.Ж. Әубәкіров, Р. Сала, Ж.-М. Деом) Санкт-Петербург қаласынан келген ресейлік моңғолтанушылардың (Н.С. Яхонтова, Ю.И. Елихина) қатысуымен кешенді пәнаралық зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

Суреттер сипаты

Ескерткіш өзен жағалауындағы өте үлкен емес жартас алабына шоғырланған, етектегі 15 жеке тұрған үлкен тастар бетіне Будда құдайларының үлкен бейнелері мен әр уақыттағы тибет және ойрат жазбалары салынған. Орталығы үлкен жартас бетіне салынған үш құдай бейнесі болып табылады: Шакьямуни, Бодхисаттва Авалокитевары және емші ұстазы Манла (тибет тілінде, ал моңғол тілінде Оточи). Әулиелердің аты мәтінде моңғол және тибет тілдерінде кездеседі. Бодхисатва Авалокитевара бейнесі орталық фигура болып табылады. Оның бейнесі ережеге сай орындалып, бейнесі бүге-шігесіне дейін салынған: ол лотос тағында аяқтары айқастырылып отырған және төрт қолды құдай кейпінде бейнеленген.
Жартастың тегіс беттеріне лотос пен таспиқ қашалып түсірілген.
Манла Буддасы (моңғол тілінде Оточи) лотоста отыр, оң қолына тибет медицинасында белгілі барлық аурудан айықтыратын миробалана жемісін ұстап тұр. Ал сол қолында садақа жинауға арналған тостаған. Төмен жағында тибет тілінде "Дәрі құдайы – Буддаға тағзым етем" деп жазылған.
Баурайдың төмен жағында Ваджраян буддизміндегі бес Данышпан Буддасының бірі Акшобхьи бейнесі қашалып салынған.<ref>Қазақстанның киелі орындарының географиясы: Табиғат, археология, этнография және діни сәулет өнері нысандарының тізілімі / Жалпы редакциясын басқарған ҚР ҰҒА академигі Байтанаев Б.Ә. – Алматы: Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты, 2017 – 1-шығарылым. – 904 б. ISBN 978-601-7312-78-7</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Алматы облысындағы республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері