Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Төртінші Бозащы болысы"
ш («Қазақстанның болыстары» деген санатты аластады; «Адай уезі болыстары» деген ) |
ш (1 түзету) |
| (Оң жақ жоғарыда көрсетілген қатысушының (бір ғана қатысушының) арадағы 5 түзетуі көрсетілмеген) | |
(айырмашылығы жоқ)
| |
00:12, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы
Төртінші Бозащы болысы — Қырғыз АКСР-дағы Адай уезінің әкімшілік бөліну бірлігі.
Әкімшілік бөлінуі
7 әкімшілік ауылында 1043 қожалық бар.
Халқы және тұрмысы
Негізгі рулары: Өрдек, Шылым, Айтумыс. Бірінші Бәйбіше ауылында 170 қожалық болса, оның 150-і жартылай көшпенді, отыратын сулары Қызық, Қотырбай, Еспе. Қалған 20 үй Форт-Александровскіде отыратын жатақтар. Мамыр ауылында 140 уй бар, бұлардың қонысы Сағыз және Қайнар өзендері мен Ұзынкөл, Әсемкөл маңы, егіншілікпен айналысады. Қойсары ауылында 150-дей үй бар, оның 15-ке жуығы Форт-Александровскіде жататын жатақтар. Қонай ауылында да 150-дей үй бар, оның 50 үйі Буракөлді мекендесе, 20 үйі жыл бойына Өлі Қолтық маңын, 15 үйі Бозащы түбегінің Қаратөбе құдығын мекендейді. 200 үй Қаратоқаның 20-сы Жемнің Ақмешітінде, 30 үйі Қаратаудың Шетпе бұлақтарын мекендейді. Кенжеден 310 үй болса, 90-ы Өлі Қолтық маңын қыстап қалады да, басым көпшілігі Көкшесу мен Ақжарға дейін көшеді. Жалпы бұл болыстың шаруалары қыста Қарабұғаз шығанағы, Қарынжарық құмы, Қарашық, Құлшық шағылдарын қыстап, жазда Қараған, Қорлақ, Жайнақ, Тағалбайлы, Құщы, ал кейбір ауылдары Жем мен Ойылға дейін көшіп барады.
Дереккөздер
- Маңғыстау энциклопедиясы, 4том