Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Беклербек Бегіштің қалашығы"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
(Тарихы)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

19:47, 2026 ж. шілденің 12 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Көне қалашық Беклербек Бегіштің қалашығы (орыс. Большого князя Бегиша городок) - Түмен (Сібір) хандығының құрамындағы ортағасырлық қала. Қазіргі Ресей Федерациясы, Түмен облысының Вагай ауданында орналасқан.

Тарихы

Сурет:Бегишево көлі.jpg
«Сібірдің хорографиялық кітабындағы» Бегишево көлі (ω Бегішево)

Қалашықтың атауы Көшім ханның тұсында беклербек қызметін атқарған Бегіштің есімімен байланысты. Кейбір тарихшылардың пікіріне сәйкес, Бегіштің шыққан тегі - Қазан хандығы немесе Бұхара. С.В. Бахрушин мен Н.А. Томиловтың тұжырымдары бойынша Кульмаметев әулетінің негізін салушылар беклербек Бегіштің ұрпақтары болып саналады. XVII ғасырдың соңында С.У.Ремезов «Сібірдің хорографиялық кітабының» 82-ші парағында қазіргі Буданов көлінің орнында Бегишево көлін атап өткен. Беклербек Бегіштің қалашығы Сібір хандығының астанасы Ескерге жақын орналасқан. Қалашықтың орны Ремезовтан басқа XIX ғасырдың басында жарық көрген жер өлшеуші В. Филимоновтың сұлбасында да кездеседі. Ремезовтың жылнамасындағы ақпарат бойынша қалашықта Қазаннан әкелінген 2 зеңбірек орналасқан. Алайда, Г.Ф. Миллер бұл ақпаратқа күмән келтірді. «Сібір жылнамалары» беклербек Бегішті 1584 жылы Ермак жасағына айтарлықтай қарсылық көрсеткендердің бірі ретінде көрсеткен. Ермактың 1582 жылы Ескерді жаулап алғанына қарамастан, Бегіштің қалашығы біраз уақыт бойы тәуелсіздігін сақтай алды. XVI ғасырдың аяғында қалашықтың маңайында орыс қоныс аударушылары Бегишев погостының негізін қалаған. 1734 жылы Г.Ф. Миллер күнделігінде мынадай жазу қалдырған: «...Игнатьево ауылының жанында, Ертіс өзенінің оң жағалауынан 2 шақырым жерде, Бегишево көлінде орналасқан көне татар бекінісінің қалдықтары...». Кейбір болжамдарға сәйкес қалашықтың айналасындағы гидрографиялық жағдай 1585-1700 жылдар аралығында өзгерген. Ертіс өзенінің бұрынғы арнасы жайылмалы көлге айналды. Бегишевское селосы ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы тарихи-статистикалық құжаттарда Тобыл губерниясының болыс орталығы ретінде көрсетілген. Қалашықтың қалдықтарын А.А. Адамов 1990-шы жылдары Бегишево көлінің түпкі террасасынан тапқан.

Әдебиет

  • Матвеев А.В., Татауров С.Ф. Сибирское ханство: военно-политические аспекты истории. Казань: Фэн АН РТ, 2012. 260 с.
  • Миллер Г.Ф. История Сибири. Изд. 2-е, дополненное. М.: Издательская фирма «Восточная литература» РАН, 1999, Т.1. 630 с.
  • Тюменское и Сибирское ханства / под ред. Д. Н. Маслюженко, А. Г. Ситдикова, Р. Р. Хайрутдинова. — Казань: Издательство Казанского университета, 2018. — 560 с. — ISBN 978-5-00130-021-2