Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Бақатөбе төрткүлі"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

19:47, 2026 ж. шілденің 12 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Көне қалашық Бақатөбе төрткүлі (VII–X ғасырлар) — Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші.

Орналасқан жері

Байзақ ауданы, Жаңатұрмыс ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 3 км жерде орналасқан.

Зерттелуі

Қалашықты 1978 жылы Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайы экспедициясы зерттеген. 2010 жылы "Археологическая экспертиза" ЖШС ескерткіштер Жинағы экспедициясы (С. Ақылбек, Ш. Құдабаев) зерттеп, құралмен жоспарын түсіріп, координаттарын алған.

Сипаты

Төрткүл жобасында шаршы пішінді екі қабатты дөң түрінде болып келген. Өлшемдері – 107х107 м, биіктігі – 3 м. Бұрыштары дүниенің төрт тараптарына қараған. Ол биіктігі 1 м-ге, табанындағы ені 11 м-ге жуық дуалмен қоршалған. Дуал ассиметриялы орналасқан мұнаралармен күшейтілген.<ref>С25 Қазақстан Республикасының тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы. Жамбыл облысы. – Алматы: РМК "ММЕ ҒЖЗИ", 2002. – Т.2. – 364 б, карталар, ил. ISBN 9965-13-615-7</ref><ref>Жамбыл облысы тарих және мәдениет ескерткіштерінің Жинағы. Байзақ ауданы. – Алматы, 2010. 204 б. ISBN 978-601-7253-05-9</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер