Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Сыпатай қалашығы"
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
| |
19:47, 2026 ж. шілденің 12 кезіндегі нұсқасы
Үлгі:Көне қалашық Сыпатай – ортағасырлық қалашық.
Орнасалқан жері
Жамбыл облысы Меркі ауданы, Сарымолдаев ауылының оңтүстік жақ шетінде.
Сипаты
Алғаш рет 1940 жылы Жетісу археологиялық экспедициясы (жетекшісі А.Н. Бернштам) тауып, зерттеген. 1977 жылы Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайының экспедициясы (жетекшісі К. Байбосынов) зерттеу жүргізді. 1986 жылы ҚазҰУ археологиялық тобы (жетекшісі М. Елеуов) жоспарын түсіріп, материалдар жинастырған.
Сыпатай қалашығы төрткүл түріндегі ескерткіш. Оның бұрыштары әлемнің төрт тарапынан қараған көлемі 50×50 м. Қалашықты ені 8-10 м, биіктігі 1-1,5 м үйінді жал, яғни бұрынғы бекініс қабырғалары қоршап жатыр.
Зерттеу барысында құмыра, көзе, саптыаяқ, тостаған секілді сырсыз ыдыс сынықтары жинастырылған. Табылған заттай деректерге қарағанда қалашықты тұрғындары X-XII ғасырларда мекендеп, егін егумен, мал өсірумен айналысқан деп пайымдауға болады.<ref> Қ 18 Қазақстан тарихы. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2006. – 768 б.ІSВN 9965-26-175-Х</ref>