Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Құрайлы асар қалашығы"
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
| |
19:47, 2026 ж. шілденің 12 кезіндегі нұсқасы
Үлгі:Көне қалашық Құрайлы асар қалашығы (б.д. VI ғ. соңы -VII ғ.) – Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археологиялық ескерткіш.
Орналасқан жері
Қызылорда облысы Қармақшы ауданы, Тұрмағанбет Ізтілеуов ауылынан солтүстік-батысқа қарай 14 км жерде орналасқан.
Зерттелуі мен сипаты
Теңіз деңгейінен биіктігі 112 м. Ескерткішті өткен ғасырдың 60-жылдары Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясы (С.П. Толстов) ашып, зерттеген, 70-жылдары Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясы (Л.М. Левина) қайта зерттеген. 2005 жылы ҚР ҰҒА АИ ШРАЭ (Ж. Құрманқұлов) қайта зерттеп, географиялық координаттарын анықтады және суретке түсірді.
Қалашықтың дұрыс нобайы жоқ, тек солтүстігіндегі құрылыстары аяқталмаған, үштен бір бөлігі ғана тікбұрыш пішінде болып келген. Қалашықтың ортасында бұрыштары дөңгеленіп келген шаршы пішінді төбе орналасқан. Екі сатылы болып келген оның биіктігі 11 м-ден астам. Төменгі террасаның өлшемдері – 80х80 м, үстіңгісі – 40х40 м. Төменгі террасаның оңтүстік бөлігінің ортасында кішігірім төбешік бар, сірә ол кешенге кіретін қақпа болуы мүмкін. Оның қабырғалары тікбұрышты қам кесектерден (40х80х9/10 см) қаланған. Осы төбенің оңтүстігінде қабырғаларының ішінде орналасқан кейінгі кезеңдік тұрғын жайлардың қалдықтары сақталған.<ref>Қ 18 Қазақстан Республикасының тарихи және мәдени ескерткіштерінің жинағы. Қызылорда облысы. – Алматы: Аруна, 2011. – 504 б. ISBN 9965-26-382-5</ref>
Дереккөздер
Үлгі:Қызылорда облысындағы республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері