Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Шөкетөбе қалашығы"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

19:47, 2026 ж. шілденің 12 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Көне қалашық Шөкетөбе қалашығы (IX-XII ғғ.) – Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші.

Орналасқан жері

Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылынан батысқа қарай 3,5 км жерде орналасқан.

Зерттелуі

Қалашықты 1978 жылы Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайының экспедициясы ашып зерттеді. 2010 жылы "Археологическая экспертиза" ЖШС ескерткіштер Жинағы экспедициясы (С. Ақылбек, Ш. Құдабаев) зерттеп, құралмен жоспарын түсіріп, координаттарын алған.
Қала орнының айналасында жиде ағаштары қоршай өскен. Ескерткіш өлшемі 280х230 м болатын тік төртбұрыш жасайды. Шығыс бөлігінде биіктігі 4,5 м болатыг қамал төбе күйінде сақталған. Қамал айналасын биіктігі 0,3 м, ені 3 м болатын үйінді топырақ дуалмен қоршалған.
Ескерткіштің шығыс шекарасының бойымен арық өтіп жатыр.<ref>С25 Қазақстан Республикасының тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы. Жамбыл облысы. – Алматы: РМК "ММЕ ҒЖЗИ", 2002. – Т.2. – 364 б, карталар, ил. ISBN 9965-13-615-7</ref><ref>Жамбыл облысы тарих және мәдениет ескерткіштерінің Жинағы. Байзақ ауданы. – Алматы, 2010. 204 б. ISBN 978-601-7253-05-9</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер