Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Іңкәрқала"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

19:47, 2026 ж. шілденің 12 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Көне қалашық Іңкәрқала (б.д.д. ІV-ІІ ғғ.) – Қызылорда облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштер тізіміне енген археологиялық ескерткіш, ежелгі елді мекен орны.

Орналасқан жері

Қармақшы ауданы, Көмекбаев ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 88,5 км жерде орналасқан.

Сипаты

Ежелгі елді мекен 1958 жылы Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясымен (жетекшісі С. П. Толстов) зерттелген. Қалашық шаршы пішінді, аумағының өлшемдері – 35х35 м. Қаланың сыртқы көрінісі тік төртбұрышты, айналдыра биіктігі 1,5-1,7 м келетін дуалмен қоршалған. Дарбазасы оңтүстік жағындағы дуалдың ортасына салынған. Қазба барысында табылған көзелердің сынықтарына қарағанда, қала тұрғындары б.д.д. ІV-ІІ ғасырларда өмір сүрген. Олар суғармалы егін шаруашылығымен және мал өсірумен айналысқан.<ref>Қ 18 Қазақстан Республикасының тарихи және мәдени ескерткіштерінің жинағы. Қызылорда облысы. – Алматы: Аруна, 2011. – 504 б. ISBN 9965-26-382-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер