Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Қаламтөбе"
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
| |
19:47, 2026 ж. шілденің 12 кезіндегі нұсқасы
Үлгі:Көне қалашық Қаламтөбе – ежелгі қала орны, Түркістан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген археология ескерткіші.
Орналасқан жері
Отырар ауданы, Қоғам ауылынан 2,5 км оңтүстік-шығыста орналасқан.
Деректер
1969–70 жылдары Отырар археологиялық экспедициясы (жетекшісі К. Ақышев) тауып, зерттеген.
Қазіргі орны екі төбеден тұрады. Үлкен төбе тік бұрышты келген. Оның аумағы 40-20 м, биіктігі 4,3 м. Одан 30 м шығысқа қарай дөңгелектеу келген, диаметрі 10 м, биіктігі 2,4 метр төбешік орналасқан. Зерттеу барысында ангобты өрнегі бар құмыралар, т.б. қыш ыдыстар жинастырылған. Зерттеулер нәтижесінде қала тұрғындары мұнда б.з. I-VI ғасырларында өмір сүргені және егіншілікпен айналысқаны анықталды.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref><ref>«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9</ref><ref name="test">Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы, 4-том</ref><ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref>