Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Павильон"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
(#) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
| |
11:39, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі нұсқасы
Павильон (Үлгі:Lang-fr -шатыр)
- архитектураның шағын түрлеріне жататын оқшау тұрған ғимарат. Ежелгі Шығыс елдеріндегі ғибадатханалар мен сарайлардың дені павильон үлгісінде тұрғызылды. Павильон Англия мен Франция (17 - 18 ғ.), Ресейде (18 ғ. мен 19 ғасырдың 1-ширегі) сарай ансамблі, сондай-ақ, парк құрылысының құрамды бөлігіне айналды;
- ірі ғимараттың бір бөлігі. Көбіне жеке шатырмен жабылды;
- көрме экспозициясына, кино түсіруге, кейде сауда-саттыққа арналған тұрақты, уақытша құрылыс;
- ғимарат интерьерін бейнелейтін театр декорациясы. Сахнада тұңғыш рет 1974 ж. неміс актері әрі режиссері Ф.Л. Шредер қолданды. Декорация павильонын қолдану әсіресе түр-мыстық және психол. драмаларды қоюмен байланысты кең өріс алды.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті Үлгі:Wikify