Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Рапсодия"
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
| |
11:39, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі нұсқасы
Рапсодия<ref>Қазақша энциклопедия 7 том.</ref> (грек. rhapsodіa — ән айту немесе эпикалық поэманы әндетіп тақпақ түрінде айту) — халық жырлары тақырыптарында жазылған музыкалық шығарма. Ол халық әуендері (ән мен би) негізінде, вокалдық немесе аспаптық формада орындалады. Рапсодия Ежелгі Грекияда қыдырма, көшпелі халықтардың эпикалық поэма, аңыз-өлеңдер мен поэтикалық тақпақтардан үзінділерді әндетіп орындауынан бастау алған. Рапсодияда тақырыптарды баяндау мен өңдеуде еркіндік тән. 19 ғасырдың басында музыкалық жанр ретінде қайта жаңғырды. Формасы жағынан сонатаға жақын алғашқы рапсодияны фортепианоға арнап В.Томашек жазды (1813). Кейінгі романтик композиторлар бұл жанрды еркін төгілетін шығарма ретінде түсінді. Мәселен Брамстың рапсодиясы (ор.79 және 119) поэма, лирико-драматикалық сипатта туған.Ф.Лист рапсодиямен халық мәтіндеріне негізделген фантазияның негізін қалаған (“19 венгр рапсодиялары”, “Испан рапсодиясы”). Оркестрге арналып, авторлық тақырыптарға құрылған А.Дворжак, Э.Лало, М.Равель, Б.Барток, Дж. Гершвиндердің рапсодиялары ерекше ұлттық бояуларымен ерекшеленеді. Сондай-ақ басқа композитордың шығарма тақырыбын пайдаланып рапсодия жазу стилі де кездеседі (С.Рахманиновтың “Паганини темаларына рапсодия”). Кейде топтама формасындағы аспаптық шығарма да (М.Равельдің оркестрге жазған “Испан рапсодиясы”) аталады
<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті Үлгі:Wikify