Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Айтман күмбезі"
ш |
ш (1 түзету) |
||
| (Оң жақ жоғарыда көрсетілген қатысушының (бір ғана қатысушының) арадағы бір түзетуі көрсетілмеген) | |||
| Жол нөмірі 1: | Жол нөмірі 1: | ||
| − | '''Айтман күмбезі''' — сәулет өнері ескерткіші. [[Маңғыстау облысы]] | + | '''Айтман күмбезі''' — сәулет өнері ескерткіші. [[Маңғыстау облысы]] [[Үстірт]]тің оңтүстік-шығыс жағында Айтмансу құдығының басында Артық тамымен қатарлас орналасқан. |
| − | Айтман күмбезін [[Айтманұлы Жарылқасын]] деген азамат әкесі мен өзіне арнап 1897-98 жылдары халық шеберлері ағайынды Дүйсенбай мен Өмір Қаражүсіпұлдарына салдырған. Сәндік порталдарының үш жарты шарға бөлініп, парапеттерінің садақ бейнелі болуы, барабан цилиндрі мен оның күмбезінің шошақ келуі Айтман күмбезі тұлғасына жарасымды тұтастық берген. Күмбез ішіне кіретін есік алдыңғы жақтан шығарылған, ауа райының ашық кездерінде күнге сәулеленіп тұрады. Қабырғалары арасына ұсақ тастар толтырылып мықты болуы үшін көлденең байламдар салынған, екі қатар құрғақ жікпен қаланып, үстінен ылаймен бекітілген. Қабырғаның ішкі беті оюлармен әшекейленіп, ақ, қызыл, қоңыр, көк | + | Айтман күмбезін [[Айтманұлы Жарылқасын]] деген азамат әкесі мен өзіне арнап 1897-98 жылдары халық шеберлері ағайынды Дүйсенбай мен Өмір Қаражүсіпұлдарына салдырған. Сәндік порталдарының үш жарты шарға бөлініп, парапеттерінің садақ бейнелі болуы, барабан цилиндрі мен оның күмбезінің шошақ келуі Айтман күмбезі тұлғасына жарасымды тұтастық берген. Күмбез ішіне кіретін есік алдыңғы жақтан шығарылған, ауа райының ашық кездерінде күнге сәулеленіп тұрады. Қабырғалары арасына ұсақ тастар толтырылып мықты болуы үшін көлденең байламдар салынған, екі қатар құрғақ жікпен қаланып, үстінен ылаймен бекітілген. Қабырғаның ішкі беті оюлармен әшекейленіп, ақ, қызыл, қоңыр, көк түстермен боялған. Ойынды қуыстарына қару-жарақ (мылтық, қорамсақ, қанжар, қайқы қылыш, найза) және үй жабдықтарының (дастархан, самаурын, шәйнек, құман, домбыра) суреті салынып, өсімдік өрнегімен безендірілген.<ref>Қазақ энциклопедиясы, 1-том</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref> |
==Дереккөздер== | ==Дереккөздер== | ||
11:39, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі нұсқасы
Айтман күмбезі — сәулет өнері ескерткіші. Маңғыстау облысы Үстірттің оңтүстік-шығыс жағында Айтмансу құдығының басында Артық тамымен қатарлас орналасқан.
Айтман күмбезін Айтманұлы Жарылқасын деген азамат әкесі мен өзіне арнап 1897-98 жылдары халық шеберлері ағайынды Дүйсенбай мен Өмір Қаражүсіпұлдарына салдырған. Сәндік порталдарының үш жарты шарға бөлініп, парапеттерінің садақ бейнелі болуы, барабан цилиндрі мен оның күмбезінің шошақ келуі Айтман күмбезі тұлғасына жарасымды тұтастық берген. Күмбез ішіне кіретін есік алдыңғы жақтан шығарылған, ауа райының ашық кездерінде күнге сәулеленіп тұрады. Қабырғалары арасына ұсақ тастар толтырылып мықты болуы үшін көлденең байламдар салынған, екі қатар құрғақ жікпен қаланып, үстінен ылаймен бекітілген. Қабырғаның ішкі беті оюлармен әшекейленіп, ақ, қызыл, қоңыр, көк түстермен боялған. Ойынды қуыстарына қару-жарақ (мылтық, қорамсақ, қанжар, қайқы қылыш, найза) және үй жабдықтарының (дастархан, самаурын, шәйнек, құман, домбыра) суреті салынып, өсімдік өрнегімен безендірілген.<ref>Қазақ энциклопедиясы, 1-том</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Stub:Қазақ мәдениеті Үлгі:Wikify