Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Аламан (ақын-жыраулар жинағы)"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (Cat-a-lot: Тасымалдануда... Санат:Қазақ әдебиеті → Санат:Қазақстан әдебиеті) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
| |
11:38, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі нұсқасы
Аламан - Халел Досмұхамедұлының кұрастыруымен жарық көрген ақын-жыраулар мұрасының жинағы. 1926 жылы Ташкентте 3 мың данамен "Қазақ мемлекеттік баспасы" шығарған. Жинаққа қазақ ауыз әдебиетіндегі батырлық жырлар, Қалнияздың "Ер Қамысы", Нұрымның "Байбоз-Жанбозы", "Балаунияз" дастаны т.б. туындылары енген. Ы.Шөреқұлының Исатай-Махамбет дастанының екінші бөлімі, Жиембет жыраудың Есім ханға айтқан толғауы да осы жинақта жарияланған. Кітаптың алғысөзі ретінде құрастырушының мақаласы берілген. <ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>