Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Жусан иісі (повесть)"
ш |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
| |
11:38, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі нұсқасы
Жусан иісі - соғыс жылдарына арналып жазылған повесть. Авторы Сайын Мұратбеков. Араб тіліндегі нұсқасы бар.
Мазмұны
Негізгі идеясы
«Жусан иісі» повесінің негізгі идеясы – соғыс жылдарындағы ауыр тұрмыс пен жетімдіктің тауқыметін бастан кешкен балалардың тағдыры арқылы адам бойындағы рухани тазалықты, мейірімділікті, үміт пен қиялдың адамды тірі ұстайтын күш екенін көрсету. Шығармада Аян бейнесі жетім қалса да мейрімділігін жоғалтпаған табиғатты сүйетін кейіпкер арқылы оқырманды қайырымдылыққа, адамгершілікке баулу арқылы жетімдік пен жалғыздықтың қаншалықты ауыр екенін ғана емес, сол ауыртпалыққа мойымай, қиял мен ертегіге сүйеніп өмір сүруге ұмтылған баланың ішкі рухын ашады. Аян – әке-шешеден, кейін әжеден айырылған, тағдыр тауқыметін ерте тартқан бала. Бірақ соған қарамастан, ол айналасындағы балаларға қуаныш сыйлап, ертегі айту арқылы олардың ғана емес, өзінің де жан жарасын ұмытқысы келеді.<ref>https://stud.kz/prezentatsiya/id/11771</ref>
Сюжеті
I бөлім
Әуелде біз, балалар, оның ертегі айтатынын білмейтінбіз. Ол әжесі екеуі біздің ауылға қырық екінші жылдың жазында көшіп келген. Мал дегеннен тек бұзаулы қоңыр сиыры ғана бар еді. Аянның әкесі майданға аттанып, туған анасы одан екі ай бұрын қайтыс болған екен. Әжесінің жамағайын төркіндері біздің ауылда тұрғандықтан, соларды сағалап келсе керек. Аянды ауыл балалары алғаш рет ойнап жүрген кезде байқайды. Ол балалармен тез тіл табысып, көп ұзамай олардың арасындағы екінші атаман атанады. Аян ақкөңіл, ақылды әрі мейірімді бала болатын. Өзі ешкімге тиіспейтін момын болғанымен, бірде Есікбай есімді ауыл баласы оған тиісіп, екеуінің арасында төбелес болады. Соңында Аян Есікбайды жеңіп шығады. Мектепке келген күннен бастап-ақ ол өзінің зеректігін көрсетті. Балалардың ішінде бірінші болып хат танып, қолынан келгенше өзгелерге көмектесіп жүрді. Бірде Аян өрісте мал қайырып жүріп, тобығын тайдырып алады. Содан кейін аяғы тайғыш болып қалып, ақсаңдап жүретін болды. Соған қарамастан, ол ешқашан мойымай, айналасындағы адамдарға мейірімділігі мен ақылдылығын таныта білді.<ref>https://www.pushkinlibrary.kz/exhibitions/Muratbekov_kaz/images/Muratbekov_Zhusan_iisi.pdf</ref>
II бөлім
Бұл бөлімде Аянның әжесінен айырылғаны, оның ауыл балаларына күнде кешкісін айтатын ертегілері баяндалады. Әжесі қайтыс болғаннан кейін оны Бапай атты туысы асырап алады. Бірақ Бапай әйелімен бірге оған дұрыс күтім жасамайды. Әжесі өмірден кетсе де, баланың қамықпауы бәрін таң қалдырады. Балалар күнде оның ертегісін тыңдауды әдет қылған. Ауа райы суық болса да Аянның ертегісін тыңдау үшін жиналатын. Аян күн сайын жаңа ертегі ойлап тауып, күннің батқанын күтіп, бәріне айтып беретін. Оның ертегісінің қызық болғаны соншалық, ертегіні тыңдап отырған балалар өздерін ертегінің кейіпкері ретінде елестететін болған. Сонымен қатар, олар ержүрек жауынгерлер туралы ертегі тыңдап отырғанда соғыстағы аға-әкелерін естеріне түсіріп, оларды тауып алып, бірге соғысуды армандайды.
III бөлім
Аянның мінезі өте қызық еді. Бірде ол тұйық мінезді, ал бірде оны мүлде танымай қаласың. Ол көп ойындарға қызығып, араласа бермеуші еді. Бірақ осы кеште ол бәрін таң қалдырады. Оның шанасына қанат біткендей болады. Осыны көріп Сайын Мұратбеков онымен бірге шана тепкісі келеді. Ол үйде шанасын іздеп жатқанда, әжесі оны ұстап алып, төсегіне жатқызады. Осы кештен кейін Аян дағдылы шана тебетін болды. Ол балаларға ертегісін айтып, тәмәмдаған соң, біреуімізден шана сұрап, сырғанақта жападан жалғыз түнге дейін ойнайтын болды. Бір күні барлық ауыл балалары Аянның ертегісін тыңдауға жиналғанда, Аян көкесінің, өзінің киімінен жусанның иісі шығатынын айта бастады. Оның көңіл - күйі осы кеште керемет еді. Онан соң балалар Аянға шана беру кімнің кезегі жөнінде килігеді. Аян осы түні ерекше қызықты: бір көзді дәу туралы ертегісін бастайды. Барлық балалардың үрейлері ұшады. Сөйтіп отырғанда шөптің арғы жағынан өрт шығады. Балалардың барлығы қора үстінен секіріп, қаша жөнеледі. Ең соңында тайғыш аяғының кесірінен Аян қалып қойып, қора үстінен секіріп жатқанда аяғын ауыртып алады. Осы кезде ауыл бригадирі Тұржан келіп, Аянды соққыға жығады. Ауыл адамдары Тұржанға наразылық білдіреді. Осыдан кейін Аян аяғынан тұра алмай төсек тартып, жатып қалады. Біраз уақыт өткеннен кейін Аян жазыла бастайды, бірақ ол енді бұрынғыдай мүлде ойнамайтын болады.
IV бөлім
Бөлімнің басында, әжесі қайтыс болып, Бапайдың қолына түскен Аянға, оның досы келеді. Аян қуанып өз ертегісін бастайды. Оның ертегілері үнемі «Баяғыда бір жетім бала болыпты...» деп басталушы еді. Бапай да, оның әжесі де олардың әңгімесіне құлақ салмайтын. Бірақ бусанған қарт рақаттана кекіріп қоятын да «Енелеріңді ұрайын, осы екеуінің-ақ сыбыр-күбірі бітпейді екен, ә. Қыз алып қашқалы ақылдасып жүргеннен саусыңдар ма-ей?!» деп әзілдейді. Бір күні балалар екіге бөлініп қар атқыласып ойнамақ болды. Бұл ойынға Аян да қатысқысы келген. Лезде жүгіре алмайтындығынан атаманның екеуі де оны алудан бас тартты. Бұған ашуланған Аян Асылбек шалдан тобығын салып беруді сұрайды. Асылбек шал баланың өтінішін орындайды. Бірақ, амал не, Аян мұнан кейін де тобығын тайдырып алады. Бұл – көктем кезі еді. Сонда Аян өгіз айдап өгізден домалап түскен кезде тобығы тағы тайды. Ал повест соңында, оған көкесінің соғыстан енді оралмайтындығы жайында қаралы хат келіп, Аян балалар үйіне жіберіледі. Ол халықпен қоштасып «Мен әлі бәріңе де хат жазып тұрамын» деп ант беріп кетеді.
Кейіпкерлері
- Аян -қоңырқай жүзі тершіп, маңдайындағы біркелкі етіп қиылған кекіл шашы бар. Ешкіммен төбелесіп, сөзге келмейді. Әңгімеде өжет, қайсар, зерек, өте ақ көңіл, мейірімді, ақылды және де жетім бала болып суреттеледі. Тобығын шығарып алып, сол аяғын сүйретіп жүретін,шілбиген ақсақ қара бала. Өз ойынан балаларды таңғалдыратын ертегілер шығарады. Өте мейірімді бала. Сонымен қатар өте тапқыр, ақылды, білімді, зерек және ақ көңіл бала.
- Садық - Аянның досы. Ауылда "бірінші атаман" атанған.
- Есікбай -сидаң бойлы, қол-аяғы қара қайыстай қатқан ұзын, жүгіргенде алдына жан салмайтын, өзі төбелесқор, сотқар бала. Кейде қараптан-қарап келе жатып әркімге бір ұрынатын жаман әдеті бар. Әлі жеткенді аяқтан шалып қап, болмаса басынан тоқай алып жылатып жіберетін. Аян алғаш рет келген кезде, Аянмен төбелесіп, одан жеңіліп қалған еді.
- Қосым - Аянның досы. Өзінің "Тырнауық Қосым" деген атымен белгілі. Тырнауық дейтін себебі төбелескенде үнемі баж етіп бетті тырнайтын. Одан ауылдын көп баласы қорқатын еді. Оған тек Есікбай тік келе алатын.
- Бапай - әжесінің тумаласы. Аянның әжесі қайтыс болғанда, Аянды асырап алған. Әйелі екеуі Аянға дұрыс күтім бермеген.
- Тұржан- өте қатал, ауылдың бригадирі, аса қатыгез, мейірімсіз адам, жағымсыз кейіпкер
- Иманжанов- адамша дірілдей қалшылдаған,көзі қып-қызыл болатын Аян мен ауыл балаларының ұстазы.
- Сайын Мұратбеков- ақкөңіл,мейірімді, Аянның жақын досы .
Тағы қараңыз
Осы шығарманың басты кейіпкері Аянның прототипі Наухан Керімов болып табылады.Ол бүгінде Ескелді ауданының құрметті азаматы.