Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Қалит саһаба, қырық уәзір"
ш (~2026-21764-38 (т) өңдемелерінен Нұрлан Рахымжанов соңғы нұсқасына қайтарды) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
| |
11:38, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі нұсқасы
"Қалит саһаба, қырық уәзір" - жыр. Әбубәкір Керімбайұлы деген жыршыдан ақмолалық ауыз әдебиетін жинаушы Қ. Байғұттыұлы жазып алып, Әдебиет және өнер институты қорына тапсырған. Бұл жыр ел арасына кең тараған шығыстық сарындағы "Қырық уәзір" кітабының бір үзіндісі. Шығармада бір патшаның өлген әйелінен қалған ұлының өзіне біреудің айтқан ақылымен қырық күнге дейін үндемеуінің салдарынан көрген қорлықтары жайлы хикая түрінде баяндалады. Оқиға желісі аяқталмаған. Шығарма мәтіні толық емес. 11 буынды қара өлеңмен жазылған. Бұрын еш жерде жарияланбаған. Жыр қолжазбасы Орталық ғылыми кітапхана қорында сақтаулы.<ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті Үлгі:Wikify