Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Вячеслав Михайлович Карпенко"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

11:38, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі нұсқасы

Вячеслав Михайлович Карпенко (1938 жылы туған, Ресей, Харьков қаласы) - жазушы, аудармашы. Ленинград теңіз-флот училищесін, Ленинград мемлекеттік университетін бітірген. Геологиялық экспедицияларда, Солтүстік Атлантика балық аулау кемелерінде, Тянь- Шань таулары ғылыми станцияларында қызмет істеген. Облыстық "Калининградский комсомолец" газетінде жауапты хатшы, республикалық "Ленинская смена", "Вечерняя Алма-Ата", "Огни Алатау" газеттерінде, "Жаңа фильм" журналында әдеби қызметкер болған. "Лик Земли" ("Жер кел- беті") 1978 - 85 ж. жинақтарының авторы әрі құрастырушысы. Карпенко қазақ жазушылары Д.Исабеков пен Р.Ниязбековтың әңгіме, повестерін орыс тіліне аударған. Театр және проза жөніндегі бірнеше әдеби, сын мақалалар жазған.<ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақала