Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Бейсенғали Тәйкіманов"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (→Кіріспе бөлімін өңдеді) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
| |
11:38, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі нұсқасы
Бейсенғали Тәйкіманов (1904-1988) - журналист.
Семей педагогикалық техникумын бітіргеннен кейін (1931) бүкіл өмірін баспасөз қызметіне арнайды.
Семейдің «Қызыл Дала», республикалық «Темір-жолшы», «Лениншіл жол», «Халық мұғалімі», «Социалистік Қазақстан» газеттерінде істейді. 1943 жылдан Қарағанды облыстық «Советтік Қарағанды» газеті редакторының орынбасары, 1944-1961 жылдарында редакторы. 1961-1964 жылдарында Шығыс Қазақстан облыстық біріккен «Коммунизм туы— Знамя коммунизма» газетінің редакторы.
2 мәрте «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>