Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Әбілқайыр хан ескерткіші"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (Қызғалдақ 1986 (т) өңдемелерінен Салиха соңғы нұсқасына қайтарды)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

11:37, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Монумент Әбілқайыр хан ескерткішіАқтөбе облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген монументтік өнер ескерткіші.

Орналасқан жері

Ақтөбе қаласында 2000 жылы Әбілқайыр ханның құрметіне орнатылған ескерткіш. Ескерткіш Әбілқайыр хан даңғылында облыс әкімшілігінің үйі алдында орналасқан. Авторы Ескен Аманжолұлы Сіргебаев – ҚР еңбек сіңірген қайраткері. Сәулетшілері – Б. Егінбаев, Н. Қожағұлов.

Сипаты

Тұғырдың биіктігі - 2,8 м, ені - 2,1 м, ұзындығы - 5,8 м.
Ескерткіштің жалпы биіктігі - 6,5 м, тұғырға дейін жерден биіктігі - 3 м, жерден жалпы биіктігі - 12,3 м.
Тұғырдың материалы - Қордай граниті. Ескерткіш қоладан құйылған, салмағы - 11,2 тонна.<ref>А7-Ақтөбе:Энциклопедия-Ақтөбе. «Отандастар-Полиграфия»ЖШС, 2001.-748 бет.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер