Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Бүйрек салт"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

11:37, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі нұсқасы

Бүйрексоғым сойғанда үлкенге сыбаға жіберу, соғым басына шақыру ежелгі жақсы дәстүрлердің бірі. Сонымен бірге мұндай кездерде жас балалар да ұмытылмайды. Жақын таныс көрші адамдар соғым сойғаннан кейін бір-бірінің балаларына әдейі арнап "бүйрек" жібереді. Яғни балаларға лайықтап жүрек, бүйрек араластырып шағын сыбаға жолдайды. Бұл да балалардың көңіл, мерейін өсіретін, ағайын, туысты жақындататын халық тәрбиесінің бір түрі.<ref>Кенжеахметұлы С. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. - Алматы: "Алматыкітап баспасы" ЖШС, 2010. -312 бет, суретті. ISBN 978-601-01-0374-0</ref>

Соғым сойылған кезде көрші-қолаңға берілетін шағын сыбаға. Үлкендерге жіберілген сыбағамен қатар таныс, көрші адамдар бір-бірінің балаларына арнап, жүрек, бүйрек араластырып жіберетіндігіне байланысты осылай аталған. Бұл да балалардың мерейін өсіретін, ағайын, туысқа жақындататын мәні бар жоралғылардың бір түрі. Сондай-ақ мал сойғанда жетім-жесірлерге берілетін сыбаға да бүйрек деп аталады.<ref>Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. 1-том. – Алматы: DPS, 2011. – 738 б.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер