Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Бұжы"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

11:34, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі нұсқасы

Бұжы (Бұжбан<ref>"Қазақ халқының салт-дәстүрлері" / Қалиев С., Оразаев М., Смайылова М., 1994 жыл. ISBN 5-625-02111-2</ref>) — ұлттық тағам. Жаңа сойылған қойдың не ешкінің етін, іш майын, бауырын майдалап турап, оған аздап ұн себелеп, пияз, бұрыш, тұз қосып, әбден араластырғаннан кейін, бүйенге не қарынға салады. Бүйеннің ашық ұшы жіңішке істіктермен түйреліп байланады да, суық су құйылған ыдысқа салынады. 1,5 — 2 сағат баяу қайнатып, бүйен жарылмау үшін әр жерінен тескілеп, ауасын шығарып, аударыстырып отырады. Кей жерлерде бұл тағамды бұжбан деп те атайды. Дастарқанға суық күйінде қойылады. Бұжыны бұрын қадірлі қонақ келгенде, ұзақ жолға шыққанда, жауға аттанғанда пісіретін болған. Жолға алып шығу үшін тұзын басымдау салып, кептіргеннен кейін ғана пісірген.

Бұжы

Ет, жүрек, бауыр,май - барлығын турап, дәмдеуіштерін, пияз, бұрышын араластырып,тұзының дәмін келтіріп, қарынға салады да, аздап су құяды. Содан соң қазандағы суға салып қайнатады. "Асылды " деп айтқаны болмаса, қарынның ішінде демі шықпай піскен соң, өз нәрі өзінде, ерекше дәмді болады.

Дереккөздер

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, II том

"Қазақ халқының салт-дәстүрлері" / Қалиев С., Оразаев М., Смайылова М., 1994 жыл. ISBN 5-625-02111-2

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub