Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Сарғылт қоғашық"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
| |
11:26, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі нұсқасы
Үлгі:Taxobox Сарғылт қоғашық<ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref> (Үлгі:Lang-la) — қияқөлеңдер тұқымдасы қоғашық туысына жататын бір немесе көп жылдық өсімдік.
Ботаникалық сипаты
- Биіктігі 5-30 см-дей.
- Үш қырлы, тегіс сабақтары бірігіп топталып өседі, кейде дара болады.
- Масақша гүлдері дара жынысты, гүлсерігі болмайды, шатырша тәрізді гүлшоғырға топталған. Шілдеден қыркүйекке дейін гүлдеп, жемістенеді.
- Жемісі - екі жағынан қысыңқы келген жаңғақша.
Өсетін жері мен таралуы
Субтропикалық және тропикалық белдеулерде, сирек жағдайда қоңыржай белдеулерде таралған. Ылғалы мол далалы аймақтарда, өзен-көлдердің, бөгендердің жағалауында өседі.
Дереккөздер
<references/>