Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Саздақшөп"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
| |
11:26, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі нұсқасы
Саздақшөп (Lіmnas) — астық тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда Алтайдың (Катонқарағай, Үшкүнгей сайы, Сарымсақты, т.б.) альпілік шалғындары мен биік тау шатқалдарында өсетін 1 түрі — Верещагин саздақшөпі (Lіmnas veresczagіnіі) бар. Оның биіктігі 50 см-дей. Қысқа тамырлы, бұтақтары тарамдалып өсетін өсімдік. Жапырақтары ұзын, жалпақ не сәл бұратылған, тегіс, кейде бұдырлы келеді. Гүлдері (ұзындығы 3 — 9 см) шашақбас гүлшоғырына топталған. Масағы бозғылт-сары түсті, жылтыр. Тұқымынан көбейеді. Маусым — шілде айларында гүлдейді. Верещагин саздақшөпі — өте сирек кездесетін, эндемик өсімдік. Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. <ref>Қазақ энциклопедиясы, 7 - том</ref>
Дереккөздер:
<references/>