Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Көкнәр"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

11:26, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі нұсқасы

Көкнәр(Үлгі:Lang-la) – көкнәрлер тұқымдасына жататын бір не көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда далалы, шөлейт және таулы аудандарда тараған 11 түрі бар.<ref>Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2</ref> Ең маңызды сортына дәрілік Апиын көкнәрі (P. somnіferum) жатады: ол Қазақстанның оңтүстік мен таулы аудандарда өседі. Оның піспеген қауашағының шырынынан дәрі алынады. Піскен Көкнәр тұқымында алкалоид болмайды, бірақ майы көп (55%). Көкнәрдің биіктігі 20 – 90 см. Сабағы жіңішке, түкті жапырағы жалпақ, гүлдері ақ, сары, қызыл қызғылт, гүл сағағы ұзын, олар шар тәрізді гүлшоғырына топталған. Шілде – тамыз айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – көп тұқымды қауашақ. Көкнәрда сүт тәрізді ақ шырын болады. Сондай-ақ республикада тоты Көкнәрін (P. pavonіnum) бояу өндірісінде пайдаланады. Егістікте арамшөп ретінде сеппе Көкнәр (P. rhoeas) кездеседі. Қазақстанда өте сирек кездесетін жіңішке көкнәр Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.<ref name="source1">Қазақ тілі терминдер сөздігі I том</ref>

Апиын (Опий) — көкнәрдің піспеген кездегі сүтті сөлінің ауада қатайғанда беретін қоспасы. Күшті наркотик.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Химия. Н.Нұрахметов, А.Ниязбаева, Р.Рысқалиева, Н.Далабаева. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 336 бет. ISBN 9965-36-416-8</ref>

Таралуы

Көкнәр Еуропада, Солтүстік және Оңтүстік Америкада және Азияда өседі.

Химиялық құрамы.

Көкнәрдің өз құрамында папаверин, морфин, кадеин, апиын деп аталатын алколоидтар болады. Тұқым шашар алдында осы алколоидтар оның қалпақшасына жиналады, ал тұқымының құрамында алколоидтар болмайды. Сондықтан да, көкнәрдің тұқымы тамақ, өнер кәсібінде жиі қолданылады.

Малдың улануы.

Мал дәрігерлігі практикасында бұл өсімдіктің шикізаты тікелей қолданылмайды. Бірақ одан арнайы орындарда дайындалған дәрілер емдік жұмысқа жиі пайдаланады. Көкнәрдың павлиндік түрін жаңадан өсіп келе жатқанда барлық мал түлігі жей береді. Бірақ оны көп жеп қойған мал уланады. Уланған малдың тыныс алуы қиындайды, тітіркену қасиетін жоғалтады, көзінің көруі, құлағының естуі нашарлайды. Байлауда тұрған ірі қара тартынып, мойнындағы жібін үзіп, қашып кетуге тырысады. Егер көкнәрмен мал уланса онда дереу мал дәрігеріне хабар беру қажет. Ол келгенше, табылса, сүт ішкізуге болады. Жалпы көктем айларында осы көкнәрдің қалың өсетін жерлеріне малды байқап жаю қажет. <ref>Қазақстанныңдәрілікөсімдіктері. ІскендіровӘбіш. Алматы "Қазақстан" 1982, 188 бет.</ref> <ref>Пайдалыөсімдіктерді мал дәрігерлігіндеқолдану. - Алматы: Қайнар, 1988. - 248б.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Кітап

Тағы қараңыз

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Заң Үлгі:Wikifyar:خشخاش (جنس) hu:Papaver no:Valmuer tr:Haşhaş