Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Жалаңкөз"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
File:Ablepharus_kitaibelii_01.jpg» деген «File:Ablepharus_rueppellii_01.jpg» дегенмен алмастырылды.)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

11:26, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі нұсқасы

Жалаңкөз (Үлгі:Lang-la) – кесірткелерге жататын бауырымен жорғалаушылар тегі. Оңтүстік Еуропа, Кавказ, Азияда тараған 6 түрі белгілі. Қазақстанның шөлді, шөлейтті жерлерінде кездесетін 2 түрі (шөл Жалаңкөзі, алай Жалаңкөзі) бар. Денесі созылыңқы, ұзындығы 13 см-дей. Аяқ-қолы бес саусақты, нашар жетілген. Қабақтары бір-бірімен тұтасып өсіп кеткен, соның салдарынан көздерінің орнында қозғалмайтын, түссіз саңылау ғана қалған. Жануардың аты осыған байланысты қойылған. 6 – 7 ай ғана белсенді тіршілік етеді, негізінен, қорегін күндіз іздейді. Жәндіктермен және олардың дернәсілдерімен, қоңыздармен, қосқанаттылармен, моллюскілермен қоректенеді.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Үлгі:Commonscat

Дереккөздер

<references/>Үлгі:Stub