Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Бақауыз"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
(→Кіріспе бөлімін өңдеді) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
| |
11:26, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі нұсқасы
Бақауыз (Үлгі:Lang-la) – сабынкөктер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Қазақстанда 1 түрі – дауыр Б-ы (С. dahurіca) бар. Биікт. 10 – 15 см. Өсімдіктің сыртын қалың ақ түк басқан. Сабақтары бірнешеу, сирек дара болады. Сабақ түбіндегі жапырақтары қандауыр, сабақ бойындағылары ұзын, қарама-қарсы орналасады. Гүлі жапырақ қолтығынан шығады, күлтесі ірі, ашық сары түсті. Аталығы төртеу. Тұқымынан көбейеді. Мамыр – маусым айларында гүлдеп, маусым – шілдеде жемістенеді. Жемісі – жұмыртқа пішінді қорапша. Әсемдік үшін өсіріледі. Дауыр Б-ы Алтайда ғана кездесетін өсімдік болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.