Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Арыш"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (1 түзету) |
|||
| (Оң жақ жоғарыда көрсетілген қатысушының (бір ғана қатысушының) арадағы бір түзетуі көрсетілмеген) | |||
| Жол нөмірі 24: | Жол нөмірі 24: | ||
{{wikify}} | {{wikify}} | ||
| − | |||
[[Санат:Орамжапырақтар]] | [[Санат:Орамжапырақтар]] | ||
11:26, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі нұсқасы
Үлгі:Taxobox Арыш (Үлгі:Lang-la) – орамжапырақ тұқымдасына жататын бір немесе екі жылдық өсімдіктер туысы. Солтүстік Африка мен Солтүстік Америкада өсетін 15 түрі белгілі. Қазақстанда 4 түрі бар. Биіктігі 25 – 75 см. Сабақтары қарапайым, жоғрғы жағынан бұтақталып өседі. Жапырақтары ұсақ, бүтін жиекті. Тостағанша жапырақшалары түзу, күлтелері сары түсті. Аталығы бос жатады. Гүлдері қалың шашақ гүлшоғырына топталған. Наурыз – сәуір айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – бұршаққын. Екі қақпақшалы, көп тұқымды. Тұқымы – домалақ. Арыштың кейбір түрлерін тұқымынан май алу үшін өсіреді.<ref name=source1>Қазақ энциклопедиясы I том</ref>
Дереккөздер
<references/>