Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Күркіреуік"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
|
22:54, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Күркіреуік — Ырғыз өзенің аңғарындағы бұлақ. Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Құрылыс ауылының оңтүстік-батысында 42 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен 250 м биіктікте. Жер бедері жонды-белесті, сай-жыралармен тілімденген. Жанында Қоянбұлақ, Қарабұлақ, Майбұлақ және т.б. көптеген бұлақтар орналасқан. Батысынан Шалқар – Ырғыз автомобиль жолы өтеді. Бұлақ суын ауыз су және мал суаруға пайдаланады.