Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Қайдақ соры"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш («География» деген санатты аластады; «Маңғыстау облысы географиясы» деген санат...) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
22:54, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
ҚАЙДАҚ СОРЫ – Каспий теңізінің шығыс жағалауында, Бозащы түбегі мен Үстірт аралығында орналасқан. Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы аумағында, Өліқолтық шығанағының оң түстігінде жатыр. Ұзындығы 135 км, ені 20 км. Сор табаны Каспий теңізі деңгейінен 28 – 34 м төменде. Оңтүстігін жағалай сазды-батпақты Қаракешу соры орналасқан. Шығыс жағалауын Батыс Үстірт кемерлі шыңы алып жатыр. Бозащы түбегіне қараған батыс бөлігі жайпақ келген. Қайдақ сорының оңтүстігімен Шетпе – Өтеш темір жол және автомобиль жолдары өтеді. 1978 жылдан бастап Каспий теңізі суының көтерілуіне байланысты (2 м-ден 2,7 м-ге дейін) Қайдақ сорының басым бөлігін су басқан.<ref>Қазақстан Энциклопедиясы</ref>
Сілтемелер
<references />