Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Арқарлы асуы"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
|
22:53, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Арқарлы – Айгүл тауының солтүстік-батысындағы асу.
Географиялық орны
Алматы облысы Кербұлақ ауданы жерінде. Батысынан Түрксіб темір жолы және асу арқылы Алматы – Өскемен мемлекеттік автомобильдік жолдары өтеді.
Жер бедері
Ең биік жері 758 м. Арқарлы солтүстік-батысында Малайсары жотасымен, оңтүстігінде Итжон Үстіртімен шектеседі.
Өсімдігі
Беткейіндегі сұр топырағында жусан, бетеге, селеу, т.б. шөптесіндер өседі.