Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Рахат Тұрысбекұлы Тілебалдинов"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
(Cat-a-lot: Аласталуда... Санат:Заң)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

19:29, 2026 ж. маусымның 25 кезіндегі нұсқасы

Рахат Тұрысбекұлы Тілебалдинов 1947 жылы 26 наурызда Семей облысының Жарма ауданында туған. Қазақ. В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын (1970) тау-кен инженері мамандығы бойынша; Ф.Э. Дзержинский атындағы КСРО МҚК жоғары мектебін бітірген (1980). Заң ғылымдарының кандидаты, профессор. Қазақ, орыс және неміс тілдерін біледі. 1970 жылдан - Хромтау қаласындағы кеніштің кен шебері; Кеңес Әскерінің қатарында қызметте; ҚазКСР Ғылым академиясы Кен ісі институтының аға инженері. 1974 жылдан - ҚазКСР МҚК 2-ші басқармасының жедел өкілі, аға жедел екілі. 1978 жылдан- КСРО МҚК жоғары мектебінің тыңдаушысы. 1980 жылдан - ҚазКСР МҚК бөлімше бастығы, бөлім бастығының орынбасары, бөлім бастығы, комитет төрағасының көмекшісі. 1986 жылдан - Алматы облысы бойынша МҚК Басқармасының бөлім бастығы. 1987 жылдан - КСРО МҚК 6-шы басқармасында бөлім бастығының аға көмекшісі. 1989 жылдан - ҚазКСР МҚК басқарма бастығының орынбасары. 1991 жылдан - Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша ҰҚК Басқармасы бастығының орынбасары. 1994 жылдан - Семей облысы бойынша ҰҚК Басқармасының бастығы. 1997 жылдың мамыр айынан - ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары. 1998 жылдың қазан айынан - ҚР ҰҚК Институты (1999 жылдан Академиясы) бастығының бірінші орынбасары. 2002-2004 жылдары - «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Тексеру департаментінің бастығы. II дәрежелі «Айбын» орденімен (1999); 6 медальмен марапатталған.

  • Запастағы генерал-майор.
  • Үйленген. Жұбайы - Тілебалдинова Алтын Сапарқызы, сәулетші. Қыздары - Құралай (1972 жылы туған), мәнерлеп сырғанау бойынша спорт шебері, Камила (1989 жылы туған); ұлы Қайрат (1975 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақала