Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Лена Мағауияқызы Кармазина"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (clean up, replaced: Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені → Қазақстан Республикасында кімнің кім екені, Пайдаланған әдебие using AWB)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

19:29, 2026 ж. маусымның 25 кезіндегі нұсқасы

Лена Мағауияқызы Кармазина 1952 жылы 21 қаңтарда Семей облысы Шар ауданының Арқат ауылында туған. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген (1974), математик. 1974 жылдан - ҚазКСР Мемлекеттік жоспары жанындағы есептеу орталығының инженері, аға инженері, ҚР Экономика министрлігі жанындағы Қазақ экономика және нарықтық қатынастар ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері, сектор меңгерушісі. 1996 жылдан - ҚР Қаржы министрлігі Бюджет департаментінің бас экономисі, бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары, басқарма бастығы, департамент директорының орынбасары. 2002 жылдан - ҚР Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі Бюджеттік саясат және жоспарлау департаменті директорының орынбасары, директоры. 2007 жылдан - ҚР Экономика және бюджетті жоспарлау вице-министрі. 2010 жылдың наурызынан бері - ҚР Қаржы вице-министрі. «Құрмет» орденімен, «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Астананың Южылдығы» медальдарымен марапатталған.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Суретсіз мақала

Үлгі:Wikify