Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Ғалым Мұхамедин"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (1 түзету)
 
(Оң жақ жоғарыда көрсетілген қатысушының (бір ғана қатысушының) арадағы бір түзетуі көрсетілмеген)
Жол нөмірі 15: Жол нөмірі 15:
 
1952 жылы 20 мамырда [[Қарағанды облысы]] [[Жаңаарқа ауданы]] ''«Достық»'' кеңшарында туған. Қазақ.
 
1952 жылы 20 мамырда [[Қарағанды облысы]] [[Жаңаарқа ауданы]] ''«Достық»'' кеңшарында туған. Қазақ.
  
[[Арғын]] тайпасы [[Қуандық]] руының Тоқа бөлімінен шыққан.<ref>{{кітап|авторы=[[Жарылқасын Бикенов|Бикенов Ж.Б.]] Жәкенов Ж.М. [[Тұяқ Көпейұлы Исабек|Исабек Т.К.]] |тақырыбы=Тоқа шежіресі |сілтеме =https://ru.calameo.com/read/002311503c7b5fe6f2572 |орны=Қарағанды |баспасы=Қарағанды полиграфиясы ААҚ |жыл=2000 |барлық беті=402 |isbn=5-7667-9037-6 |тиражы=1000}}</ref>.
+
Әкесі - Мазбеков Мұхамедия (1910-1996), ҰОС ардагері,
 
+
еңбек ардагері, агроном болып жумыс істеген. Анасы -
Әкесі - Мазбеков Мұхамедия (1910-1996), ҰОС ардагері, еңбек ардагері, агроном болып жумыс істеген. Анасы - Мазбекова Айман (1916-1996), тылдың ардагері.
+
Мазбекова Айман (1916-1996), тылдың ардагері.
  
 
Республикалық эстрада-цирк өнері студиясын ([[Апматы]] қ.,
 
Республикалық эстрада-цирк өнері студиясын ([[Апматы]] қ.,

19:29, 2026 ж. маусымның 25 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Infobox Biography Ғалым Мұхамедин 1952 жылы 20 мамырда Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы «Достық» кеңшарында туған. Қазақ.

Әкесі - Мазбеков Мұхамедия (1910-1996), ҰОС ардагері, еңбек ардагері, агроном болып жумыс істеген. Анасы - Мазбекова Айман (1916-1996), тылдың ардагері.

Республикалық эстрада-цирк өнері студиясын (Апматы қ., 1975) солист-аспапшы мамандығы бойынша; О.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің география факультетін (1999) география және экология мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.

Қазақ және орыс тілдерін біледі. «Нұр Отан» партиясының мүшесі (2006 жылдан). 1969 жылдан - Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы «Достық» кеңшарында әртүрлі жұмыстар істеген. 1971 жылдың қаңтар айынан - Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының жанындағы №8 автоклуб меңгерушісі. 1971 жылдың тамыз айынан - Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы «Достық» кеңшарында әртүрлі жұмыстар істеген. 1972 жылдың шілде айынан - Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы В.И. Ленин атындағы бөлімнің тракторисі. 1973 жылдан - Республикалық эстрада-цирк өнері студиясының оқушысы.

1975 жылдан бері - Т. Қалмағамбетов атындағы Жезқазған филармониясының әртісі. «Қазақ тілі» Жезқазған қалалық қоғамының мүшесі. «Жігер» республикалық фестивалінің (1985); Ә. Қашаубаев атындағы республикалық конкурстың (1988); Қарағанды облысы әкімінің «Халық әндерін үздік орындаушы» номинациясың лауреаты, «Алтын қобыз» иегері (2007). ҚР Мәдениет министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған (2002); ҚР Президентінің алғыс хатын алған (2001). Жезқазған қаласының Құрметті азаматы (2002). ҚР Еңбек сіңірген әртісі (1995). Жезқазған қаласы мәдениетін дамытуға қосқан үлесі үшін «Алтын кітап» кітабына енгізілді (2004). Діни көзқарасы - атеист. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы -Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Бәсекеге қабілетті, дамыған мемлекет». Хоббиі - ұмыт болған қазақ халық әндерін жинап, насихаттау. Сүйіп оқитын әдебиеті - классикалық әдебиет.

Үйленген. Жұбайы - Айтжанова Әлия Мұхамедиярқызы (1952 ж. т.), Т. Қалмағамбетов атындағы Жезқазған филармониясының сөйлеу жанрының әртісі. Ұлы - Мұхамедин Зухраб Ғалымұлы (1978 ж. т.); қыздары - Мұхамедина Эльвира Ғалымқызы (1981 ж. т.); Мұхамедина Жанерке Ғалымқызы (1990 ж. т.).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Bio-stub