Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Шардара бөгені"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (Bot: Migrating 4 interwiki links, now provided by Wikidata on d:q2474777 (translate me)) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
22:53, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Сурет:Коксарайское водохранилище.jpg
Шардара бөгені
Шардара бөгені — Шардара, Мақтаарал, Сарыағаш аудандары жеріндегі ірі жасанды су айдыны. Сырдария өзеннің арнасына салынған. 1968 ж. бөген шарасы суға толтырылды. Бөгетінің биіктігі 24 м, ұзын 5,8 км. Бөгеннің ауданы 900 км2, ұзын 80 – 100 км, ені 20 – 25 км, ең терең жері 25 – 26 м, орташа тереңдегі 6,3 м. Суының мөлшелері 5200 млн. м3, су жиналатын алабы 174 мың км2. Бөген Сырдария өзеннің ағынымен және қар, жауын-шашын суымен толығады. Шардара бөгені арқылы жалпы 394,0 мың га жер суарылады (оның ішінде 105 мың га күріш егістігі).