Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Мұрат Жүсіпбекұлы Нұрышев"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
(Rescuing 1 sources and tagging 0 as dead.) #IABot (v2.0.9.5)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

19:29, 2026 ж. маусымның 25 кезіндегі нұсқасы

Мұрат Жүсіпбекұлы Нұрышев (22.2.1958 жылы туған, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Дәуқара ауылы) – биология ғылымының докторы Халықаралық ақпараттандыру және Ресей жаратылыстану ғылым академияларының (2007) академигі.

Білімі

Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтын (1979), қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) бітірген. Кең бейіндегі зооинженер.

  • 31.10.1979 - 01.07.1981 жж. – Қазақ ҒЗТИ мал шаруашылығының аға ғылыми қызметкері, Алматы қаласы, Каменка ауылы.
  • 29.06.1981 - 18.06.1984 жж. - Қазақ ҒЗТИ қой шаруашылығы, аспирант, Алматы облысы, Мыңбай ауылы.
  • 20.06.1984 - 10.07.1986 жж. – Жезказған мемлекеттік облыстық ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы, Жезказған қаласы, Кеңгір ауылы.
  • 12.07.1986 - 23.01.1988 жж. – Целиноград АШИ, Целиноград қаласы, аға оқытушы.
  • 27.01.1990 - 12.11.2001 жж. - Қазақ ҒЗТИ қой шаруашылығы, ҰЕЖ, Ақтөбе қаласы.
  • 03.09.2001 - 25.09.2007 жж. - Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың Ақтөбелік филиалы, кен жұмысы мен экология кафедрасының аға оқытушысы, Ақтөбе қаласы.
  • 01.10.2007 - 01.07.2009 жж. – Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты, ғылым жөніндегі проректор, профессор м.а., Арқалық қаласы.
  • 01.09.2008 - 01.10.2010 жж. – Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, профессор, Көкшетау қаласы.
  • 06.10.2010 – қазіргі уақытқа дейін. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, Астана қаласы.

Ғылыми еңбектер

Мұрат Жүсіпбекұлы Үлгі:Webarchive 120-дан астам ғылыми жарияланым мен 6 монографияның авторы. РФ және ҚР-дың биология ғылымдарының докторы, Ресей жаратылыстану ғылым академиясының академигі, Еуразия ұлттық университетініңҮлгі:Deadlink профессоры Мұрат Нұрышев пен биология ғылымының докторы, Ресей Федерациясының ғылым саласының еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, Оренбург мемлекеттік аграрлық университетінің профессоры Борис Шевченкомен бірлесе жазған «Гиподинамия кезінде жануарлардың экологиялық физиологиясы» атты оқу құралы жарық көрді.

Жетістіктері

ҚР БҒМ 2007 жылдың «Ең үздік оқытушы» мемлекеттік грант иегері (22.02.2008 ж. № 92 ҚР БҒМ министрінің бұйрығы). «Өнертапқыш» төсбелгісімен марапатталған. Биоресурстар мен селекция саласының еңбек сіңірген ғалымы. Мұрат Нұрышевтің есімі Ақмола облысының мерейтой энциклопедиясына енген (Көкшетау қаласы, 2009 ж.).

Халықаралық және мемлекеттік шәкіртақылар

2008-2010 жж. ғылым мен техника саласына зор үлес қосқаны үшін ғалымдар мен мамандарға арналған мемлекеттік шәкіртақы иегері (№ 640 2008 жылдың 9 желтоқсанындағы ҚР БҒМ министрінің бұйрығы). Қазақстан Республикасының Мемлекеттік комиссиясының шешімімен «Болашақ» халықаралық шәкіртақысына ие болды. 2010-2012 жж. ғылым мен техника саласына зор үлес қосқаны үшін ғалымдар мен мамандарға арналған мемлекеттік шәкіртақы иегері (2010 жылдың 28 желтоқсанындағы ҚР БҒМ министрінің бұйрығы). Еуразия ұлттық университетінің ғалымы М.НұрышевтіңҮлгі:Deadlink ерен еңбегі ескеріліп, Еуроодақтың ең беделді наградасы - Еуропалық ғылыми-өнеркәсіп палатасының медалі мен (Diploma di Merito) дипломына ие болды. Аталмыш Еуропалық ғылыми-өнеркәсіп палатасының маңызды наградасына ие болудың негізгі өлшемдеріне келер болсақ, лауреаттың жоғары кәсібилігі мен оның жұмыс пен қоғамға деген жауапкершілігі. 2012 ж. Марапатталғандардың қатарында профессор Л.Рошаль, профессор Л.Бокерия және т.б. бар.

Ғылыми қызығушылығы

Еліміздің азық-түлік қауіпсіздігі жүйесіндегі «Астана-Бурабай» азық-түлік белдеуін дамыту кешені. Қазақстанда Киото хаттамасы бойынша көміртек теңгерімінің әдістемесін жасау және Еуропалық Одақ (ЕО) тәжірибесінде сауда (экспорт) квотасын құру. GRAS мәртебесі бар жаңа сүтқышқылды бактериялардың бактериоцион негізінде тамақ өнімдерінің табиғи қосындысын жасау және дайындау. Қазақстанның дала аймақтарында дуадақ (Otis tarda) пен безгелдек (Otis tetrax) қайта қалпына келтіру әдістемесінің теоретикалық негіздемесі. <ref name="source1">"Қазақ энциклопедиясы"</ref>

Дереккөздер </span>

<references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub