Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Ебес"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
|
22:53, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Ебес – Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы. Шалқар қ-нан шығысқа қарай 18 км жердегі қыстау. Үлкен Борсық құмының солтүстігінде. Ебестің солт-нде Шұқыр, шығысында Томарқұдық, оңтүстігінде Қараөлең, Жаңабас қыстаулары, батысында Шалқар көлі орналасқан. Солт.-батысынан Шалқар – Ырғыз автомобиль жолы, оңтүстігінен Арал – Шалқар темір жолымен өтеді. Құмды, сортаңды қоңыр топырағында сұр жусан, еркек шөп, жалманқұлақ, көкпек, астық тұқымдас шөптесіндер өседі. Қыстаудың маңайын мал жайылымына пайдаланады.