Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Жақсылық Арзымбетов"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш Тұлғалар» деген санатты қосты (HotCat құралының көмегімен))
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

19:29, 2026 ж. маусымның 25 кезіндегі нұсқасы

Жақсылық Арзымбетов (1947, Төле би ауданы Әңгір-Ата ауылы – 1998, Сарыағаш ауданы) – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты (1994). Алматы халық шаруашылығы институтын бітірген (1969). Мамандығы бухгалтер-экономист-қаржыгер. Еңбек жолын Қазығұрт (бұрынғы Ленин) ауданында Жданов атындағы кеңшарда экономист болып бастаған. 1987 – 91 ж. облыстық шаруалар одағы мен ұжымшарлар кеңесі басқармасында тексеру-нұсқаушы, ұжымшар істерін ұйымдастыру, экономикалық нұсқау бөлімдерінің бастығы қызметтерін атқарды. 1991 – 94 ж. «Жақсылық» коммерциялық шаруалар банкінің төрағасы, 1994 ж. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің несие-салық саясаты жөніндегі комитетінің банк жүйесі жөніндегі қосымша к-тінің төрағасы, ҚР Ұлттық банк басқармасының мүшесі болып сайланған. 1995 ж. ҚР мемлекеттік экспорт-импорт, несие беру банк департаментінің директоры қызметіне тағайындалды. Сонан кейін облыстық мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі аумақтық комитетінің төрағасы болды. <ref name="test">Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы.</ref>

Сілтемелер

<references />

Үлгі:Stub Үлгі:Wikify