Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Әтіркүл Жұмабайқызы Дүйсекенова"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (clean up, replaced: Қозы Көрпеш - Баян Сұлу → Қозы Көрпеш – Баян Сұлу using AWB) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
| |
19:21, 2026 ж. маусымның 25 кезіндегі нұсқасы
Әтіркүл Жұмабайқызы Дүйсекенова (1940 жылы туған, Жуалы ауданы Ынтымақ ауылы) – театр артисі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1986).
Өмірбаяны
- 1958 ж. орта мектепті бітіргеннен бастап облыстық драма театрында актриса болып еңбек етіп келеді.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>
Рольдері
- Гогольдің «Ревизорында» Мария Антоновна
- М.Шолоховтың «Тынық Донында» Ильинична
- М.Әуезовтің «Еңлік Кебегінде» Еңлік
- «Қаракөзінде» Қаракөз, «Айман-Шолпанында» Айман
- Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян сұлуында» Баян
- т.б. 70-ке жуық рөлдерде ойнап, өзінің талант қуатын көрсетті.
Оның сахнадағы оттылығы, жігерлілігі, сергектігі көрерменді ерекше қызықтыратын. Дүйсекенова жан-жақты талғампаз өнер иесі. Өзінің сахнада сәнді жүре білуімен, ішкі мәдениеті арқылы әсем көрініс сыйлайтын даралығымен, қимыл мен сөз мәнерін қиыннан қиыстыратын тапқырлығымен таңдандыра білген табиғи талант.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>