Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Лидия Тәжәдінқызы Кәден"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

19:20, 2026 ж. маусымның 25 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Кинематограф Лидия Тәжидинқызы Кәденова (17 ақпан 1952 жылы Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында туған) — актриса. Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1991).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref> Парасат және Құрмет ордендерінің иегері. Қазақстан Республикасының мәдениет саласындағы мемлекеттік степендиясының иегері.

Өмірбаяны

1952 жылы Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданында туған. 1967 жылы Ақтөбедегі мәдени ағарту училищесін бітірген. 1970-1974 жж Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының "актерлік шеберлік" мамандығы бойынша бітіріп шықты.

Білімі

Қазақ Ұлттық консерваториясынның (бұрынғы Алматы консерваториясы) "актерлік шеберлік" факультетін бітірген (1970-1974 жж).

Еңбек жолы

  • 1974 жылы Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ балалар мен жасөспірімдер театрының актерлік бөліміне қабылданады. Осы кезге дейін осы қара шаңырақта еңбек етеді.
  • "Тамаша" әзіл-сықақ театрында да жұмыс жасады.

Фильмдері

  • 1987 - «Зять из провинции» – Софа (реж. С.Нарымбетов)
  • 1988 - «Балкон» (реж. Қ.Салықов),
  • 1988 - «Восхождение на Фудзияму» (реж. Б.Шәмшиев),
  • 2009 - «Город мечты» – Газиза
  • 2013 - «Женский доктор-2» - Гульнар (реж. А.Гойда, И.Громозда)

Марапаттары

  • ҚР мәдениет саласындағы мемлекеттік степендиясының иегері
  • 2016 - "ҚР тәуелсіздігіне 25 жыл" медалі
  • 2015 - Парасат ордені
  • 2015 - "Еңбек ардагері" медалі
  • 2005 - Құрмет ордені
  • 1991 - Қазақ КСРнің еңбек сіңірген артисі

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер